UEFA Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан голын үздік деп таныды

None
Фото: instagram.com/basniksport
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысы екінші турындағы соққан голын үздік деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты ресми аккаунтында Асхат Тағыбергеннің іріктеу сатысы екінші турында Данияға қарсы ойында Каспер Шмейхельдің қақпасына алыстан соққан керемет голын лайықты бағалады.

Айта кетсек, ел құрамасы құрлықтық додада екі ойын өткізіп үлгерді.

Алғашқысында елордада Словениядан (1:2) жеңілсе, Данияны (3:2) тізе бүктірді.

Нәтижесінде H тобында үш ұпаймен екінші орында тұр.

Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.


Соңғы жаңалықтар