Үдемелі индустриялық-инновациялық даму нысандарында партиялық бақылау бекеттері жұмыс істейді

None
None
АРАҒАНДЫ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму нысандарының барлығында партиялық бақылау бекеттері жұмыс істеуде, деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалынан.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Базарбаев бастаған бір топ партиялықтар шақпақ қант шығару желісін іске қосу жоспарланып отырған «Еуразиан Фудс» АҚ-да болды. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, оны құрастыру жұмыстары жүргізілуде. 135 млн. теңге (87 пайыз) игерілді. «Жүргізіліп жатқан жұмыстардың уақтылы және сапалы болуын қадағалау мақсатында нысанда құрамында үш адам бар партиялық бақылау бекеті ұйымдастырылған», деп хабарлайды «Нұр Отан» ХДП филиалы.

Қарағанды облысында 2010-2012 жылдар кезеңінде машина құрастыру, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп және басқа да салалар бойынша 18 жаңа өндіріс құрылады деп жоспарлануда. Бизнестің және мемлекеттік даму институттарының өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың жалпы құны 75 миллиард теңгеден асады. 2010 жылдың алғашқы жарты жылдығында 6 өндірісті іске қосу жоспарланған, тағы 4 жобаны ағымдағы жылдың аяғына дейін жүзеге асыру қарастырылған. 2011 жылы 5, ал 2012 жылы 3 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 1700 жұмыс орны құрылып, ал кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін 2000-нан мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар