Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ел Парламентінің қарауына бірқатар заң жобалары ұсынылмақ

None
None
nbsp;АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ел Парламентінің қарауына бірқатар заң жобаларын ұсынбақ.

Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бағдарламаның барлық жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүруі үшін министрлікке бірқатар заң жобаларына түзету енгізуді қажет етеді. «Ең бастысы бұл «Индустриялық саясат туралы» заң жобасы. Қазіргі уақытта онымен жұмыс тобы айналысуда. Біз сонымен қатар «Арнайы экономикалық аумақ туралы» заң жобасын жаңа редакцияда ұсынбақпыз. Қазірдің өзінде аталған заң жобасының ескі нұсқасында ұйымдастыру аясындағы қарапайым мәселеде онымен айналысуға тиісті құрылысты салып жатқан кәсіпорынның дирекциясы және оператор компания бар. Әрине біздің мұның барлығын көріп, жайлы, жедел, ұйымдасқан түрде басқару қажеттінін байқап отырмыз . Арнайы экономикалық аймаққа инвесторларды көптеп тарту үшін жеңілдіктер, преференциялар болуы қажет», деді ол.

Вице-миинстрдің сөзіне қарағанда, бизнес бірлестіктердің, қауымдастықтардың ұсыныстары бойынша Еңбек және Салық кодекстері, «Инвестиция туралы», «Жер және жерді пайдалану туралы» Заңдары Парламент қарауына ұсынылмақ.

Сондай-ақ электр энергетикасы, рұқсат беру жүйесін жетілдіру, банкроттық, бәсекелестік, техникалық реттеу және метрология сынды мәселелер бойынша бірқатар заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында Парламент қарауына беріледі.

Соңғы жаңалықтар