Участкелік инспекторлардың іс-әрекет алгоритмі әзірленді - ІІМ
2021 жылғы 29 қараша 13:10

Участкелік инспекторлардың іс-әрекет алгоритмі әзірленді - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде учаскелік инспекторлардың іс-әрекет алгоритмі әзірленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетің профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі сарапшылармен бірлесе участкелік инспекторлардың және олардың көмекшілерінің арнайы іс-әрекет алгоритмін әзірледі. Бұл - қызметкердің өзінің лауазымдық міндеттерін атқарудағы адымдық іс-әрекет жиынтығы. Оларды іс жүзінде нақты және біркелкі қолдану, құқықтық қателіктер санын барынша қысқартуға әкеледі. Халықаралар тәжірибеде мұндай алгоритмдер жиі жағдайларда «стандартты операциялық тәсілдер» деп аталады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, алгоритмді әзірлеуге 50-ден астам ведомстволық ғылым және практикалыық буын мамандары қатысты. Барлық құқық базасы біріктіріліп жинақталды. Сондай-ақ, ағымдағы талаптарды ескере отырып, учаскелік полицейлердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламалары қайта қарастырылды. Онда азаматтардың өтініштеріне әрекет ету сапасын арттыру, тұрғындармен коммуникациялық байланысты жақсарту қарастырылған.

«Осы жылы ІІМ оқу орындарында 439 учаскелік полиция инспекторы біліктілігін арттыру курстарынан және 125-сі қайта даярлау курстарынан өтті. Кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша біліктілік талаптары күшейтілді», - деді Жасұлан Байкенов.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT