+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Учаскелік инспекторларға баспана өтемақысы төленеді

2019 жылғы 12 шілде 13:15
Бөлісіңіз:
Учаскелік инспекторларға баспана өтемақысы төленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, учаскелік полиция инспекторларына баспана бойынша өтемақы төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордада Қазақстанның үздік учаскелік инспекторларының слетінде айтты.

«Ішкі істер министрлігі 2020 жылды учаскелік полиция инспекторларының жылы деп атады. Барлық өңірдің әкімдері учаскелік инспекторлардың жұмысына қолдау көрсетуге дайын. Мәселен, материалдық-техникалық база, пәтер бөлу, учаскелік полиция бекеттерімен қамтасыз ету бойынша. Егер учаскелік полицияның баспанасы болмаса, жұмыс орны, көлігі болмаса, басқа қызметке ауысып кетуі бек мүмкін. Сондықтан, олардың жұмыс істеуіне жағдай жасап, ең минималды критерийлерді құру керек», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министр 1 шілдеден бастап, полицияның үш санатының еңбекақысы көбейгенін еске салды. Сонымен бірге, баспана бойынша өтемақы төлеу қарастырылған.

«Бұл өтемақы патрульдік полицейлерге, барлық учаскелік полиция инспекторларына және кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша инспекторларға беріледі. Дәл осы үш санаттың әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Ішкі істер органдары оларға аз көңіл бөліп келді. Сондықтан, Мемлекет басшысы біздің ұсынысты қабылдады. 1 шілдеден бастап, учаскелік инспекторлардың еңбекақысы 25% көтерілді және ең бастысы баспана бойынша өтемақы алады. Отбасы мүшелерінің санына қарай 70 мыңнан 150 мың теңгеге дейін төленеді. Бұл - мемлекет пен қоғам тарапынан үлкен қолдау», - деді министр.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, бірқатар ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға, жедел-тергеу құрамы қызметкерлерінің жалақысы 55 пайызға, учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жалақысы 25 пайызға, қалған қызмет өкілдерінің жалақысы 20 пайызға артты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлеуметтік қолдау, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT