+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Учаскелік инспектор көмекшісі лауазымы енгізіледі - ІІМ

2021 жылғы 11 маусым 11:23
Бөлісіңіз:
Учаскелік инспектор көмекшісі лауазымы енгізіледі - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде учаскелік инспектор көмекшісі лауазымы енгізіледі. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да репродуктивті жастағы әйелдердің 38 пайызы анемиямен ауырады Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды Ақмолалық сегіз кәсіпкер «Ashyq» жобасынан шығарылды

«Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу. Бұл жерде учаскелік полиция инспекторларының маңызы зор. Мемлекет басшысы учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру туралы тапсырма берді. Олардың жұмысын тиімді ету үшін құзыретін кеңейтіп, заңға өзгертулер енгізілуде», - деді министр.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта ауылдарда учаскелік инспекторлар жетіспейді. Кей жерде 3-4 ауылға бір қызметкер жауапты болып жүр.

«Осыған байланысты, ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірге учаскелік пункттер салу жоспарлануда. Өз аумағына жақын болуы үшін ауылдық жерлерде учаскелік пунктер қызметкерлер тұратын үймен бірге салынады. Ал қалаларда тұрғын үй кешендерінде орналасады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT