+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ҰБТ жауаптарын сататын алаяқтарға сенбеңіздер - Күләш Шәмшидинова

2019 жылғы 15 сәуір 14:08
Бөлісіңіз:
ҰБТ жауаптарын сататын алаяқтарға сенбеңіздер - Күләш Шәмшидинова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ҰБТ-ның жауаптарын сататын алаяқтарға сенбеуге шақырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бір нәрсе айтайын, xалық өте сақ болуы керек. Себебі олардың ішінде алаяқтар, неше түрлі адамдар бар. Менің мына Назарбаев зияткерлік мектептерінде істегенімді барлықтарыңыз білесіздер. Сонда жылда айтады. Сосын түспей қалса, қолымнан келмеді деп, ақшасын қайтарып береді екен. Ал түсіп кетсе, мен көмектестім деп айтады. Ал шын мәнінде, ол мүмкін емес. Себебі сұраққа жауап бергеннен кейін оның барлығы кетеді. Сол жерден ашылады, сол жерден тексеріледі. Тексеріліп біткеннен кейін ғана шрифт ашылып, фамилиясы қойылады. Сондықтан ондай дүние жасау мүмкін емес», - деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, тест кітапшалары шығарылатын жерлерде бейнебақылау жүйесі орнатылған.

«Олардың барлығы камераның астында отырады. Камера бір секундқа да тоқтамайды. Кім барды? Кім алды? Сондықтан бір жерден бір нәрсе шығатын болса, біз нақты адамның фамилиясын айта аламыз», - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте білім министрі білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 көтерілуі керек. Бүгінде арнайы тарифтік коэффицент бекітілді.

Күләш Шәмшидинова жалақының қалай артатынын нақты мысалмен көрсетті.

Білім министрі мектеп директорларын тағайындауға қатысты ұсынысты да қолдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT