ҰБТ: Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрлер мен облыс әкімдеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуді өз деңгейінде өткізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл (ҰБТ-авт.) барлық уақытта да әлеуметтік жағынан өте сезімтал мәселе. Сондықтан Ерлан Кенжеғалиұлы (Білім және ғылым министрі Сағадиев -авт.), әкімдермен бірге барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, талдау жүргізуді және Ұлттық бірыңғай тестілеуді тиісті деңгейде өткізуді тапсырамын», - деді Ерлан Сағадиев.

Сонымен қатар Премьер-Министр Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ҰБТ-ға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы қажеттігін ескертті.

«Әкімдер мектептерде бітіру емтихандарын ұйымдастыру және ҰБТ өткізу мәселелерін жеке бақылауға алатын болсын. Ерболат Әскербекұлы бақылау сізге жүктеледі», - деді Үкімет басшысы орынбасары Досаевқа қарата.

Айта кетейік, отырыста аталған мәселе бойынша негізгі баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтетіндігін айтты. 

Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, мектеп бітірушілердің жағдайын жеңілдететін бірқатар жаңалық енгізілмек.

Фото:ibirzha.kz

Соңғы жаңалықтар