+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма

2019 жылғы 14 маусым 10:05
Бөлісіңіз:
ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елдегі мектеп бітіруші түлектердің 71,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Дегенмен, оны өткізу процесін жетілдіру, тестілеуге қатысушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізілген.

«2019 жылдан бастап ҰБТ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі. Әр тапсырған сайын талапкерге түрлі бейіндік пәндер комбинациясын таңдау мүмкіндігі беріледі. Ал грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет», - делінген министрліктің ақпаратында.

Биыл мектеп бітіретін 96 380 түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 71,6%-ін құрайды.

«Шет тілін меңгергендігін растайтын TOEFL, IELTS халықаралық сертификаттарының шекті балы бар талапкерлер «Шет тілі» (ағылшын тілі) пәні бойынша тестілеуден босатылады», - дейді министрліктегілер.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы ақылы оқуға түскісі келетіндерге қатысты болып отыр. Бұған дейін жоғары білім алуға ниеттілердің бәрі ҰБТ тапсыруға міндетті болса, биылдан бастап ақылы негіздегі бірнеше санатқа бұл міндеттілік жүрмейді.

Атап айсақ, қысқартылған оқу мерзімімен ақылы оқуға ниеттілер кәсіптік-техникалық немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегі болса, ҰБТ тапсырудан босатылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT