ҰБТ тапсырған 20 мыңға жуық түлек межелік баллды жинай алмады - Ұлттық тестілеу орталығы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҰБТ-да қажетті 50 баллды жинай алмаған мектеп бітірушілерінің саны 20 мыңға жуықтады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығынан хабарлады.

«Маусымның 2-сі мен 6-сы аралығында өткен сынқата 19 807 түлек ЖОО түсуге мүмкіндік беретін баллды жинай алмаған. 4890 түлек белгілі бір пән бойынша қанағаттанарлық емес нәтиже көрсетті. 5 пән бойынша 100 баллдан жоғары нәтижені 12 712 түлек жинаған», - делінген хабарламада. Бүгінгі күнге дейін Ұлттық бірыңғай тестілеудің 5 күні өткізілді. Тестілеуге барлығы 85 221 мектеп түлегі, соның ішінде қазақ тілінде - 59 877, орыс тілінде - 25 344 бітіруші қатысты. Бес күн ішінде ең жоғарғы ықтимал 125 баллды Алматы қаласының екі түлегі - Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы, Марат Әсия Жандосқызы мен шымкенттік түлектер Ахметжанова Шахзода Анварқызы, Ержанова Ұлпан Ержанқызы жинады.

Соңғы жаңалықтар