ҰБТ тапсыратын оқушылар жоғары оқу орындарында қосымша сабаққа қатыса алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша жоғары оқу орындары, колледждермен ынтымақтастық туралы кешенді жоспар әзірленді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген ата-ананы мектепті бітіруші сынып оқушыларын қорытынды аттестациялауға, ҰБТ-ға дайындау мәселесі толғандырады. Осыған байланысты мектептерде сабақтан тыс уақытта 15 баладан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту ұйымдастырылыған. Сонымен қатар, білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша жоғары оқу орындары, колледждермен ынтымақтастық туралы кешенді жоспар әзірленді», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова.

Оның айтуынша, Еуразия ұлттық университеті, Қазақ агротехникалық университеті базасында онлайн платформа жұмыс істейді.

Онда оқушылар математика, химия, физика пәндері бойынша қосымша сабақ ала алады.


Соңғы жаңалықтар