ҰБТ сынақтарының базасы жаңартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталыққа сілтеме жасап.
«Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Еске салсақ, 21 қарашадан бастап ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар басталды.
Соңғы жаңалықтар