+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

ҰБТ-ның мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ - Асхат Аймағамбетов

2020 жылғы 4 сәуір 16:47
Бөлісіңіз:
ҰБТ-ның мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ - Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты бұрын бекітілген мерзімде өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Біріккен Араб Әмірліктері COVID-19 жұқтырғандарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады Қазақстандық дипломаттар дәрігерлерге қолдау көрсетеді Махамбет Досмұхамбетов коронавирус жұқтырғандардың жағдайын білді

Министр әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфирде ата-аналардың, ұстаздар мен мектеп директорларының сұрақтарына жауап береді.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу деген біздің әрбір түлегіміз үшін маңызды қадам. Қазіргі осы жағдайда тиісті көмек беруіміз керек. Сәйкесінше, Ұлттық тестілеу орталығына тиісті тапсырманы жүктеген болатынбыз. Қазіргі кезде бұл тапсырма іске асырылуда», - деді министр.

Осы орайда Ұлттық тестілеу орталығының сайтында балалар ақысыз ҰБТ-ға дайындалады.

«Қазір ҰБТ-ның мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ. Біздің көршілес елдердің емтихандары мамыр айында болса, олар сынақты маусымның басына ауыстырды. Бірақ біздікі мамыр айының аяғында емес, маусымның айының аяғында, яғни шілдеге қарай. Ол уақытқа дейін бұл жағдай тынышталып, дәстүрлі режімге келетін болсақ, ҰБТ-ны бұрынғыдай өткіземіз деп үміттенеміз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледжге баратындарға қатысты мерзімдер өзгеріске ұшырамағанын айтты.

«Төртінші тоқсатынды аяқтап, ары қарай оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері болады», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT