ҰБТ-ның екінші күнінде тест тапсырушылардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 3 маусымда тест тапсырушылардан 2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация, 2 блютуз, 1 қол сканері,1 кеңсе пышағы табылған. Тәртіп бұзғаны үшін 3 талапкер аудиториядан шығарылды.

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметінен хабарлады. Екінші күннің қорытындысы бойынша да Алматы қаласындағы №159 лицейдің түлегі Марат Әсия Жандосқызы ықтимал 125 баллды жинады. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы күннің озық нәтижесін де алматылық №178 лицейдің түлегі Әбдіжаппар Айғаным Бақытқызы көрсеткен болатын. Ол бірінші күні ықтимал 125 баллды алды. Айта кетейік, 3 маусымда тест тапсыруға елімізде 17 351 түлек қатысты. Тест сынақтары 60 пункттің базасында тапсырылды. Қазақстан бойынша 2 012 түлек 100-ден астам балл жинаған. Ал шекті көрсеткішке (50 балл) 3883 түлек жете алмады. Екінші күнгі ҰБТ орташа баллдық көрсеткіші 75,7-ні құраған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 73,9 балл болатын.

Соңғы жаңалықтар