ҰБТ-ны қазақ тілінде қанша түлек тапсырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өтуге бүгінгі таңда 96963 түлек өтініш беріп, олардың 73 мыңы қазақ тілінде тапсыруға бел буып отыр. Бұл туралы ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім, ауыл шаруашылығы, ветеринария салалары бойынша 60 бал минималды шектеулі бал болып саналады. Ұлттық университеттерде - 65 бал. Медицина бойынша 65 бал. Яғни, бұрынғыдан ешқандай өзгеріс жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, ҰБТ-ға дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Былтыр 40 мың сұрақ болса, биыл қорда 110 мың сұрақ бар. Оның ішінде 3 мыңдайы ағылшын тілінде. 119 мың сұрақтың ішінде 11 пайызы функционалдық сауаттылыққа бағытталған.

«Бүгінгі таңда 96 963 түлек өтініш берді. Соның ішінде бір қуанышты жағдай, 96 мыңның ішінде 73 мың түлек қазақ тілінде тапсырамын деп өтініш білдіріп отыр. Бұл түлектердің 80 пайызға жуығы. Ал жалпы, биылғы түлектердің саны - 146 мың», - деді Рамазан Әлімқұлов.

фото:ibirzha.kz

Соңғы жаңалықтар