ҰБТ-ны ағылшын тілінде 28 адам сәтті тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі жаңалық болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл тест тапсыруға 102 447 адам, қаза тілінде - 77 224, орыс тілінде - 25 177, ағылшын тілінде - 46 адам өтініш білдірді. Факті бойынша 28 түлек ағылшын тілінде тапсырды», - деп хабарлады ҚР БҒМ «Ұлттық бірыңғай тестілеу» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов ӨКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Ағылшын тілінен орташа балл 84,9, соның ішінде 5 пәннен республикалық орташа балл - 83,1 құраған.

«Біздің ойымызша, бұл статистика ағылшын тіліндегі тест сұрақтарының сапасы және мазмұны жағынан жақсы болғанын растайды», - деп атап өтті Рамазан Әлімқұлов.

Сондай-ақ, ол ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырған түлектерден апелляциялық шағымның түспегенін атап өтті.

Рамазан Әлімқұлов мәлім еткендей, ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырған 28 түлектің бесеуі Астана, жетеуі Атырау, алтауы Шымкент, үшеуі Қостанай, бесеуі Алматы қалаларында. Павлодар мен Өскеменде бір-бір оқушы тест тапсырған. 

Соңғы жаңалықтар