+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ҰБТ кезінде «Алтын белгі» иегерлеріне бір ғана жеңілдік беріледі - БҒМ

2016 жылғы 22 қараша 12:51
Бөлісіңіз:
ҰБТ кезінде «Алтын белгі» иегерлеріне бір ғана жеңілдік беріледі - БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Алтын белгі» иегерлері мен xалықаралық олимпиада жеңімпаздарының барлық оқушылармен бірге ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатынын жеткізді. Алайда олар үшін бір жеңілдік қарастырылған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Эльмира Суxанбердиеваның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде «Алтын белгі» иегері қатардағы мектеп оқушысымен тең ұпай жинаса, мемлекеттік грант дәрежесі жоғары түлекке беріледі.

«Иә, жеңілдік тек қатарласпен тең ұпай алған жағдайда ғана беріледі. Мәселен, егер «Алтын белгі» иегері мен төрт-беске оқыған бала бірдей ұпай санын жинаса, онда мемлекеттік грант «Алтын белгі» иегеріне тапсырылады. Дегенмен, ондай жағдайлар аз. Себебі «Алтын белгі» иегерлері өз дәрежесіне сай білімді көрсетуге тырысуы қажет», - дейді Э.Суxанбердиева.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап түлектер мектеп аттестатын алу үшін бөлек емтиxан тапсырады. Ал жоғары оқу орнына түсу үшін бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру қажет. ҰБТ-да «Алтын белгі» атағын дәлелдеудің қажеті жоқ. Оны мектептердің өздері растайды. ҰБТ-ның жаңа форматын талқылау барысында «Алтын белгі» иегерлерін тестілеуден мүлдем босату туралы ұсыныс болған. Алайда министрлік оны қолдаған жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT