+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

ҰБТ-ға өзгеріс: Мектеп түлектері жарты жыл бұрын оқуға түсе алады

2018 жылғы 16 қазан 11:14
Бөлісіңіз:
ҰБТ-ға өзгеріс: Мектеп түлектері жарты жыл бұрын оқуға түсе алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, қаңтардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртіншіден, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағдарламалар енгізіледі. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Сондай-ақ магистратурада гранттар студенттерге беріледі және жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады», - деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тест қатар өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT