+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

ҰБТ-дан шығарылған түлектер қаңтардағы сертификатпен оқуға түсе алады

2020 жылғы 23 маусым 13:40
Бөлісіңіз:
ҰБТ-дан шығарылған түлектер қаңтардағы сертификатпен оқуға түсе алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс

«Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», - дейді тестілеу орталығы.

Айта кетейік, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте, оқуға түсушілер білім гранты конкурсына қатысу үшін маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

Биыл 21 маусым мен 5 шілде аралығында еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді.

Тестілеудің алғашқы күні 6 186 адам қатысып, 164 талапкер ереже бұзды және биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.

Ал 22 маусымда – тестілеудің екінші күні республика бойынша 9 748 талапкер қатысып, оның 261-і аудиториядан шығарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT