ҰБТ-дан өткендердің тең жартысы ғана грантты иелене алады

None
None
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - ҰБТ-дан өткендердің тең жартысы ғана грантты иелене алады. Бүгін БАҚ өкілдеріне ҰБТ нәтижесі бойынша эксклюзивті түсіндірме берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлімдеді.

«ҰБТ нәтижесінде 70 мыңға тарта түлек өздерінің оқуға түсе алатынын дәлелдеді. Алайда, бізде берілетін мемлекеттік гранттар саны 35 мың. Ендеше, тестілеуден өткендердің тең жартысы ғана гранттарға ие болады», - деді Бақытжан Жұмағұлов.

Еске сала кетейік, ҰБТ тапсыруға өтініш берген түлектердің 95 487-ісі қатысқан болатын. Оның ішінде шекті 50 балл көрсеткішке қол жеткізе алмағандардың саны 27 465 түлекті құрап отыр. Сонда тиісті елу баллдық шекті еңсерген түлектер саны 68 мың 22 адам болса, соның 35 мыңға жуығы грант бойынша жоғарғы оқу орнына түседі деген сөз.

Соңғы жаңалықтар