ҰБТ-да ең жоғары көрсеткіш 125 балға 7 түлек қол жеткізді - Б. Жұмағұлов

None
None
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті 50 балл көрсеткішке қол жеткізе алмағандардың саны 27465 түлекті немесе өтініш бергендердің 28,8 пайызын құрайды.

Ал, 2012 жылы бұл көрсеткіш 43163 түлекті немесе 36,8 пайызды құраған болатын. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов БАҚ өкілдеріне арнаған эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.

«100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген түлектер саны 11167-ні немесе 11,7 пайызды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 10756 адамды немесе 9,2 пайызды құраған еді. Ал, ең жоғары көрсеткіш 125 балға 7 түлек қол жеткізді»,-деді Б. Жұмағұлов.

Атап айтқанда, ең жоғары балды Павлодар облысы, Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп лицейінің түлегі Әсел Әйткенова, Шымкенттегі М. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған 8-ші гимназия түлегі Айда Ысқақ және Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатының түлектері Ботагөз Құспанғалиева мен Тоқтамыс Марғұлан, сондай-ақ Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназияның үш түлегі - Нұржан Қамзаев, Самал Құмарова және Ақбөкен Сахтанов иеленген.

Соңғы жаңалықтар