+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

ҰБТ-да 136 балл жинаған түлек: Әр пәнге репетитор жалдап, күніне екі-үш сағаттан дайындалдым

2020 жылғы 2 шілде 09:30
Бөлісіңіз:
ҰБТ-да 136 балл жинаған түлек: Әр пәнге репетитор жалдап, күніне екі-үш сағаттан дайындалдым

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша ең жоғары балл - 136 ұпайға қол жеткізген № 35 ЖОМ түлегі Айдос Қобыланды тестілеуге қалай дайындалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

- Әр пән бойынша репетитор жалдап, күніне екі-үш сағаттан дайындалуға тура келді, - дейді Айдос. – Олар маған көп көмектесті. Менің ойымша, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін репетитормен жеке жұмыс істеген дұрыс. Әрине, ата-анам мен ұстаздарыма да қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді.

Мектеп түлегі күнделікті әдеті бойынша тестілеуге дайындық кезінде де таңертең ерте тұрып жүгіріп, спортпен айналысқан. Сондай-ақ кез келген тамақты жеуден бас тартуға тура келген.

Ал енді үлкен сынақты ойдағыдай тапсырған ол бос уақытында кітап оқып, фильм көргенді ұнататынын айтады.

Болашақ студенттің ендігі жоспары - жоғары әскери оқу орнына түсу үшін нормативтер мен құжат дайындау.

- Мен шекара қызметін таңдадым, - дейді ол. – Бұл - өте тамаша мамандық. Жалпы тест тапсыру кезінде телефон немесе шпаргалка алып кіру қиын, ал өтіп кеткен күннің өзінде оны қолдану мүмкін болмайды. Сондықтан мен өз біліміме сенуге тырыстым.

Еске сала кетейік, 23-30 маусым аралығында Павлодар қаласындағы 37 мектептің 1150 түлегінен ҰБТ-ға 933 (81%), 2019 жылы – 750 (74%) бала қатысқан. Оның ішінде қазақ тілінде – 378, 2019 жылы – 350.

Қала мектептерінің 60 түлегі 100 және одан да көп балл алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT