ҰБТ: Бүгін тест тапсыруға 144 талапкер келмей қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҰБТ-ның бірінші күні 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Бірақ 144 талапкер ҰБТ өткізу пунктеріне келмеді.

Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкерде жоғары температура анықталды. Олар ҰБТ-ны басқа күні, сауыққан соң тапсыра алады», - делінген министрлік хабарламасында.

Сәйкесінше, бүгін 6 206 адам ҰБТ нәтижелерін алады. Қатысушыларға электронды сертификат беріледі.

Мәлім етілгендей, ҰБТ қатысушыларына бақылауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді. Олардың құрамына Арнайы мониторингілік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдык аланы» жобалық кеңсе өкілдері кірді.


Айта кетейік, 21 маусым мен 5 шілде күндері Қазақстанның барлық мектептерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Биылғы тестілеудің ерекшелігі - санитарлық талаптардың күшейтілуі болмақ. Ғимаратқа кірерде тест тапсырушылар арасында екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау мен маскалы режим жүзеге асырылады. Талапкерлер дезинфекциялаудың 5 түрлі кезеңінен өтеді. ҰБТ өткізілетін барлық орындар тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі.

Биылғы тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде - 131 755 өтініш қабылданған.


Соңғы жаңалықтар