+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі

2020 жылғы 28 мамыр 13:58
Бөлісіңіз:
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл бүлдіршіндері 100 пайыз балабақшамен қамтылады Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын тәжірибе жасау арқылы арттыруға болады - Тиктокер мұғалім Биыл тұрмысы төмен отбасынан шыққан 1 мыңнан астам бала сауықтыру курстарынан өтті - БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. 150 өткізу орны белгіленген. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер, медициналық пунктер, санитайзерлер, маскалармен қамтамасыз етіледі.

Е. Тоғжанов қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҰБТ-ны өткізудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бойынша нұсқаулықты әзірлеу қажет екеніне, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау, оқушыларды тестілеу орындарына жеткізудің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT