ҰБТ алғашқы аптасында 43 талапкер тыйым салынған заттарды қолданбақ болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҰБТ-ны оңай тапсырғысы келетін талапкерлердің жиі пайдаланатын құралдары - ұялы телефон, жасырын камера, микроқұлаққап, қағаз шпаргалка, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тестке кіргізуге тыйым салынған заттар жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтып берді.

«Биыл 18-ші рет өтіп жатқан ҰБТ-ның алғашқы аптасында 22 талапкер тестілеуге кіргізу кезінде, ал 21 талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолдануға тырысқан. Олар сол үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ал ҰБТ-ны көшірудің осы аптадағы ең «шығармашылық тәсілі» мынадай: т апқыр тестіленушіміз өзімен бірге алып кірген дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынған. Оның бұл әрекеті біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады. Себебі тестілеудің бүкіл процесі олардың толық назарында. Сондықтан тест тапсырмасын не олардың үзіндісін аудиториядан шығарамын деп үміттенбеңіз», - деп жазды орталық директоры Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, еңбек әрқашан ақталады.

«ҰБТ-ға жақсылап дайындалып, тек өз біліміңізге сенсеңіз, сізді болашақ жарқын өміріңізде жақсы марапат күтеді. Себебі білім – ең маңызды аспап» дейді Руслан Емелбаев.


Соңғы жаңалықтар