+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

ҰБТ: Ақтөбеде 140 оқушы сынақ залынан шығарылды

2020 жылғы 22 қаңтар 13:28
Бөлісіңіз:
ҰБТ: Ақтөбеде 140 оқушы сынақ залынан шығарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ҰБТ-ның алғашқы кезеңі аяқталды. Үш күнде тыйым салынған затты сынақ залына алып кірген 140 оқушы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрымбетов: Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуіміз қажет Білім министрлігі «Астана» университетін сотқа берді Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды

Ақтөбе облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі 16-19 қаңтар аралығында өтті. Облыс бойынша 4500-ден астам оқушы қатысып, соның 140-ы аудиторияға тыйым салынған зат кіргізгені үшін залдан шығарылды.

«ҰБТ-ның бірінші кезеңі облыста 5 жерде өтті. Олар Комсомол ауылы, Шалқар, Қандыағаш, Хромтау және Ақтөбе қаласы. Сынақ талапқа сай өтуі үшін «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері қадағалады. Бақылаудың қорытындысы бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу залына кірер кезде 80 оқушыдан, аудиторияда 60 оқушыдан ұялы телефон, тест жауаптары бар қағаздар анықталды. Олар аудиториядан шығарылғанымен көктемгі сынаққа қатыса алады», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, ҰБТ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT