+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

ҰБТ- 2019: Талапкерлерден 90 мың ұялы телефон тәркіленді

2019 жылғы 1 шілде 01:03
Бөлісіңіз:
ҰБТ- 2019: Талапкерлерден 90 мың ұялы телефон тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде талапкерлерден 90 375 ұялы телефон тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка тәркіленді», - деп жазды Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.

Сондай-ақ, орталық басшысы ата-аналарды балаларды адалдыққа тәрбиелеуге шақырды.

«Құрметті ата-аналар, балаларды ҰБТ жүйесін алдауға емес, адал бәсеке және нағыз біліммен жарысуға тәрбиелейік», - деді ол.

Еске сала кетсек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов ұлттық тестілеуде ұялы телефонмен ұсталған түлектерге шара қолданылатынын айтып өткен болатын.

«Ұлттық бірыңғай тест тапсырудың өз ережесі бар. Сол ережеге сәйкес комиссияларымыз жұмыс істейтін болады. Әрине, келеңсіз жағдайларды болдырмай, олардың алдын алуымыз керек. Мәселен, телефон, басқа нәрселер алып кірсе, онда оған тыйым салып, тоқтатуымыз керек. Бірақ, бұл психологиялық ахуалды өзгертпеуі тиіс. Сондай тапсырма беріп отырмыз», - деді министр.

Айта кетсек, биыл ҰБТ-ға қатысуға 117 242 талапкер өтініш білдірді. Оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380 адамды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862) құрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT