+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

ҰБТ-2018: Аудиторияларға ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар орнатылды

2018 жылғы 19 маусым 18:38
Бөлісіңіз:
ҰБТ-2018: Аудиторияларға ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін аудиториялардың техникалық жабдықтары жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәйкесінше, барлық аудиторияда 4G ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар жұмыс істейді.

"Тағы да еске саламыз, ҰБТ-ның дұрыс жауаптар коды мемлекеттік құпия болып саналады және оны таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты, барлық түлектерден бекітілген ережелерден аттамауын сұраймыз", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, орталық басшысы тестілеуге тыйым салынған заттармен, әсіресе ұялы телефонмен кіретін түлектердің бар екенін де жасырмады.

"Иә, ондай жағдайлардың бар екенін жасырмаймыз. Бірақ, биыл ҰБТ өтетін аудиториялардың техникалық жабдықтары 100% жаңартылды. Сәйкесінше, барлық аудиторияда 4G ұялы байланыс сигналын үзетін жаңа қондырғылар жұмыс істейді. Сондықтан, мектеп түлектері ҰБТ-да түрлі қитұрқы әрекетке уақыт жоғалтқанша, өз біліміне ғана сенгені жөн. Берілетін 3 сағат 50 минутты тиімді пайдаланып, мемлекеттік грантқа жететін балды өздері жинағаны абзал", - деді Р. Әлімқұлов.

Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл 15-ші рет ұйымдастырылады. Ертең оқушылардың алғашқы легі сынақтан өтеді және соңғы лек тестілеуді 1 шілдеде аяқтайды.

Биыл ҰБТ-ға республика бойынша 102 мыңы қатысады. Оның 75,4% немесе 77 243 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 25 178 түлек (24,6%) - орыс тілінде және 46 түлек - ағылшын тілінде тапсырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT