ҰБТ-2018: Ағылшын тілінде тест тапсырып жатқандар көп пе

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл алғаш рет ұлттық бірыңғай тестіні ағылшын тілінде тапсыруға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, республика бойынша тестіні ағылшын тілінде тапсыруға 46 адам ниет білдірді.

«Кеше алғаш рет 46 адамның біреуі - қыз бала ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырды. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өз білімін растады», - деді Р.Әлімқұлов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

nullОның айтуынша, биыл тест тапсыру аудиторияларының 85 проценті онлайн байланыспен қамтылды. Соның арқасында ата-аналар өз балаларын тікелей эфирде көре алады. Алайда алғашқы күні бірқатар теxникалық ақаулықтар болды. «Шынымен де, кеше ақаулықтар болды. Біз бірден жауапты компанияға xабарластық. Олар аталған мәселені шешті. Дегенмен, біздің мамандарымыз қосымша жоспарды дайындап қойды. Егер тағы теxникалық ақаулықтар болса, онда біз басқа арна арқылы онлайн көрсетілімді ұйымдастыратын боламыз», - деп атап көрсетті Р.Әлімқұлов.

nullАйта кетейік, бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні бойынша есеп берді. Оған сәйкес, екі мыңнан астам түлек шекті ұпайды жинай алмады.  Бұдан бөлек, министрлік ҰБТ-ға 10 смартфонды алып өтпек болған балаға қатысты түсінік берді. 

Соңғы жаңалықтар