+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

ҰБТ: 2 мыңнан астам қандас талапкер тест тапсыруға өтініш берді

2020 жылғы 21 маусым 14:49
Бөлісіңіз:
ҰБТ: 2 мыңнан астам қандас талапкер тест тапсыруға өтініш берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайтын 2024 қандас талапкер тест тапсыруға өтініш білдірген. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қорына» сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
«Túrkistan» газетінің Atajurt жобасы таныстырылды Өзбекстандағы қазақтардың Кіші құрылтайы өтті Қандасымыз Уәлихан Серікұлы Қытай чемпионатында алтыннан алқа тақты

2020 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеу орталығының базасына ұлты қазақ бірақ Қазақстан Республикасының азаматы болып саналмайтын 2024 қандас талапкер тест тапсыруға өтініш білдірген. Атап айтсақ, Қырғызстан 3, Өзбекстан 724, Қытай 577, Ресей 83, Моңғолия 555, Түркіменстан 26, Германия 1, Ауғанстан 4, Түркия 2, Тәжікстан 4, АҚШ 2, Австрия 4, Иран 3, мекені көрсетілмегендер 36.

Қандастарды қолдауға арналған «Отандастар қорының» мәліметі бойынша, 2018-2019 оқу жылында ұлттық біріңғай тестілеуге даярлайтын дайындық бөлімін 992 қандас талапкер аяқтаған. 2019-2020 оқу жылында дайындық бөліміне 1300 талапкер оқуға қабылданған. 2020-2021 оқу жылына белгіленген тәртіпке сай еліміздің 24 жоғарғы оқу орны 1300 талапкерді дайындық бөліміне қабылдайды деп жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі тарапынан қандас талапкерлер үшін 4 пайыздық квота қарастырылған. Себебі, жыл өткен сайын атажұртта білім алып, жоғарғы оқу ордасын бітіріп, білікті маман атануға талпынған жастардың саны артып келеді.

Еске салсақ, бүгін елімізде ҰБТ басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT