Уәлихан Қайназаров: Түркістан облыстың зияткерлік орталығына айналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облыстың зиякерлік орталығына айналады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге Уәлихан Қайназаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңестік кезеңде Түркістан қаласы өнеркәсіптік орталық болған еді, ол жерде үлкен ұйымдар құрылған болатын. Менің ойымша, облыстық мәртебеге ие болғаннан кейін, қала облыстың зияткерлік орталығына айналады. Осы жерде білімді әрі білікті адамдар көптеп жиналған кезде, бұл өз кезегінде қаланың дамуына айтарлықтай ықпал етеді», - деді депутат.

Сонымен қатар ол Түркістан Қазақстан және барша түркі әлемі үшін үлкен тарихи маңызға ие екенін еске салып өтті.

«Әрине, алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Облыс орталығын салу тек ғимарат және нысандармен ғана шектелмейді, бұл тұрғыда ең алдымен осы жұмыстарды іске асыратын білікті адамдардың күш-жігері қажет. Сарапшылардың пайымынша, бұл өңірде экономикалық әрі қоғамдық белсенділікке тың серпін беріледі. Шын мәнінде, адами капитал мен даму бойынша Түркістан қаласы Шымкентке бәсекелестік тудырады. Қазіргі кезде Шымкент қала ретінде өзін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жақындап қалды. Сондай-ақ Түркістанның облыс орталығы атануы арқасында осы өңірде ауылдық аумақтардың деңгейін көтеруге жағдай жасалады», - деді Қайназаров.

Сөз соңында ол жаңа облыс орталығына туристердің ағыны арта түсетіндігін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірді. Сонымен қатар, Президент жаңа облыс орталығының құрылуына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар