Уәлихан Бисенқұлов нокаутқа түсіп, титулға қол жеткізе алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәскеудегі Korston Club кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті. Оның хедлайнерлері қазақстандық Уәлихан Бисенқұлов (9-0, 9 КО) пен ресейлік Артуш Саркисян (5-7, 3 КО) болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар IBA Asia нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласты. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген еді. Бірақ Бисенқұлов үшінші раундта жағына тиген соққыдан кейін нокаутқа түсті. Осылайша, Саркисян IBA Asia титулына ие болып, профи-рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, 2018 жылдың ақпанында кәсіпқой боксқа келген Бисенқұлов бұған дейінгі барлық тоғыз айқасын нокаутпен аяқтап, жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар