Уақытылы жетті: Қостанайлық полицейлер суицидтің алдын алды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Әулиекөл ауданының тәртіп сақшылары суицид жасамақ болған 43 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аудандық полицияның кезекші бөліміне Әулиекөл ауылының тұрғыны хабарласып, 43 жастағы күйеуіне көмек сұраған. Полиция ақпаратына сүйенсек, ер адам азаматтық некедегі әйелімен жанжалдан кейін өзіне қол салатынын айтқан. Осылайша, ер адам үйінен шығып кетеді.

«Дереу оқиға орнына аудан орталығында кезекшілікте жүрген автопатруль жіберілді. Полицейлер Жүніс Қармаев пен Ренат Бушенеев үй жанындағы сарайдан ер адамды тапты. Тәртіп сақшылары келгенде ол шынымен де өмірін қиюға қадам жасап, арқан байлап жатады. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметінен.

Полиция экипажының жедел әрі батыл қимылының арқасында суицид жасамақ болған ер адам құтқарылды. Енді ол психологтың қарауынан өтеді.


Соңғы жаңалықтар