Уақытылы тапсырылмаған статистикалық есеп үшін айыппұл салынбайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҰЭМ Статистика комитеті респонденттерге уақытылы есеп бермегені үшін айыппұл салуды шегерді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Төтенше жағдай кезінде респонденттерге қатысты ҚР ӘҚК-нің 497-бабы бойынша осы кезеңдегі бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалмайды; бұрын салынған айыппұл санкциясы бойынша айыппұл алынбайды және оларды мәжбүрлеп өндіру үшін материал жолданбайды», делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2020 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті құқық қорғау және фискалдық органдар тарапынан кәсіпкерлерге кез келген қысымды, оның ішінде, әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмауды тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар