+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Уақытша жұмыс істемейтін адам зейнетақы қаржысын пайдалана ала ма

2020 жылғы 9 қыркүйек 12:24
Бөлісіңіз:
Уақытша жұмыс істемейтін адам зейнетақы қаржысын пайдалана ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Tengri TV-де өткен тікелей эфирде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай зейнетақы жинағында жеткілікті қаражаты бар, бірақ соңғы уақытта жұмыссыз жүрген адам оны пайдалана ала ма, деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
6,6 млн-нан астам қазақстандық зейнетақы шотын интернет арқылы тексерді Қазақстанда АИТВ инфекциясы бар балаларды қолдауға бағытталған жаңа жоба іске қосылады Шардара ауданында биыл мүмкіндігі шектеулі 100 адам шипажайда демалады

«Мен 47 жастамын. Менің зейнетақы қорымда 4 миллион теңге бар, яғни үй алу үшін пайдалануға болатындай артық қаражатым бар. Бірақ бір жылдан астам уақыт бойы зейнетақы қорына ақша аударған жоқпын. Баспана алатын жағдайда ол қаражатты пайдалана алам ба, әлде соңғы бір жылда зейнетақы қорына ақша аудармағаным кедергі бола ма?».

Tengri TV-де өткен тікелей эфирде оқырман тарапынан осындай сұрақ қойылды.

«Зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану бойынша басты назарда жинақта жеткілікті қаражат жиналғанына назар аударылады. Егер жинақта қаражатыңыз жеткілікті болса, тиісті бөлігін пайдалана аласыз. Дегенмен, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударуға мән беру керек, себебі ай сайынғы аударымыңыз аз болған сайын базалық зейнетақыңыз да аз болады. Ал үй алуға қатысты келер болсақ, банк сіздің төлем қабілетіңіз бар екенін тұрақты табыс көзіңіз бар екеніне, ай сайын зейнетақы қорына ақша аударылып тұрғанына байланысты бағалайды», - дейді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты түсінік беріп, оны кімдер алатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, Зейнетақы жинағын шешіп алу үшін онда қанша ақша болуы керек екені туралы да жазылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT