Уақытша басқа қалада тұрып жатқан қазақстандықтар онлайн тіркеле алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс, оқу, емделу немесе басқа да себептер бойынша басқа қалаға келген азаматтар тұрғылықты жері бойынша «электрондық үкімет» порталында уақытша тіркеуге өтініш бере алады. Бұл жөнінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«1 жылға дейін басқа қалаға барғанда порталда уақытша тұратын жерге тіркеле аласыз. eGov.kz орталында 15 минут ішінде тіркелуге болады», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

eGov.kz порталында «Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелуі» көрсетілетін қызметін алу үшін экранның сол жағындағы «Азаматтық, миграция және иммиграция» тармағын және «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» санатын таңдау қажет. Бұдан әрі порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына өту қажет. Содан кейін 1-ден 12 айға дейінгі тіркеу кезеңін таңдаңыз.

Уақытша тіркелу кезінде тұрақты тіркеу мекенжайы өзгеріссіз қалады. Демек, уақытша тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін порталға қайта жүгінудің қажеті жоқ.


Соңғы жаңалықтар