Уақ шаруашылықтарды ірілендіруге жұмылдыру керек - Елбасы

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдеріне осындай тапсырма жүктеді.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы қазіргі таңда агроинновацияны енгізуге байланысты фермерлерді ынталандырудың тиімді шаралары қажеттігін атап өтті. «Шетелдік озық технология әзірше ірі, орта шаруашалықтарға ғана қолжетімді. Бұл белгілі. Ал көптеген уақ фермерлердің оны қолдануға мүмкіндігі жоқ. Бізде мыңдаған шағын шаруашылық бар. Сондықтан да, барлық облыс әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бұндай уақ шаруашылықтарды ірілендіруге жұмылуы керек», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент ауылдағы инновациялық белсенділікті көтеруге қатысты қолжетімді қаржы құралдарының болуы керектігіне де назар аударды.

Соңғы жаңалықтар