+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

«Уәде беремін»: Министр Біртанов өзіне хат жазған оқушыға жауап берді

2020 жылғы 21 наурыз 09:18
Бөлісіңіз:
«Уәде беремін»: Министр Біртанов өзіне хат жазған оқушыға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов анасы дәрігер болып жұмыс істейтін 13 жасар қыздың хатына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Раида есімді қыздың жазуынша, анасы Әсем – дәрігер. Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты оны тәулік бойы көрмейтінін айтады.

«Ал кеше менің туған күнім болды. 13-ке толдым. Бірақ менің көңіл-күйім болмады. Себебі мен үшін ең басты адам – Анам жанымда болмады! Ол маңызды әрі қайырымды іспен айналысып жатқанын білемін. Алайда, оны қашан көретінімді білмеймін... Ол үшін өте уайымдаймын. Ол сырқаттанып қала ма деп қорқамын. Ол үйге оралмай ма деп үрейленемін... Елжан Амантайұлы, сіздің де отбасыңыз бар. Қолыңыздан келгеннің барлығын жасаңызшы. Бұдан-былай ешкім ауырмайтындай етіп, анам тезірек үйге оралсыншы. Бұл – мен үшін ең үлкен сыйлық болар еді», - деп жазды ол.

«Сәлеметсің бе, құрметті Раида! Сенің хатыңды интернеттен оқыдым. Жүрегіңнен шыққан шынайы жылы сөздер үшін ризашылығымды білдіремін! Біріншіден, өтіп кеткен туған күніңмен құттықтаймын! Зор денсаулық тілеймін! Жасыңа қарамастан, анаңның мамандығы қаншалықты маңызды екендігін түсінетініңе сүйсінемін. Дәрігер болу – бұл ауа райына қарамастан, аптаның қай күні, қандай уақыт болмасын және көп жағдайда өзіңнің шаршағаныңа, денсаулығыңа қарамастан көмекке ұмтылуға шынайы ниет», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Елжан Біртановтың жазуынша, оқушы қыздың хатынан бүгінде тынбай еңбек етіп жатқан Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі медицина мамандарының балаларының дауысын естуге болады.

«Біз, әріптестерімізбен – өзің сияқты балалардың анасы және әкелерімен бірге науқастанған адамдар саны неғұрлым аз болуы үшін және бүкіл ғаламшарда коронавирус індетінің таралуын тоқтатуға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз... Анаң екеуің туған күніңді жақын уақытта бірге атап өту үшін қолдан келгенді жасауға уәде етемін. Көңіл-күйіңді түсірме! Барлығы жақсы болады!», - деп жазды Денсаулық сақтау министрі.

Ведомство басшысы оқушы қызға үйде отырғанда гигиена талаптарын орындауға және көбірек кітап оқуға кеңес берді. Сондай-ақ туған күніне бірнеше кітапты сыйға тартатынын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT