Ү.Шаяхметова қайтадан Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қаңтарда Алматыда қазақстандық гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы болып өтті.

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымның басшысы болып бесжылдық олимпиадалық мерзімге Қазақстанның гимнастика федерациясының қазіргі президенті, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметова қайта сайланды. Федерация мүшелері бұл туралы шешімді бірауыздан шығарды.

Қазақстанның гимнастика федерациясы 1992 жылдан бері жұмыс істеуде, Халықаралық гимнастика федерациясының және Азиялық гимнастикалық одағының мүшесі. Федерацияның құрамына Қазақстанның 13 аймағынан спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика, акробаттық жолақта және батутта секіруден аккредиттелген 16 аймақтық спорттық федерация кіріп отыр. Гимнастика федерациясы 10 мыңнан астам спортшы гимнастқа жетекшілік етеді.

Соңғы жаңалықтар