ТЖМ басшысы өрт сөндіруге көмек берген әскерилерге ризашылығын білдірді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өртті сөндіруге көмек көрсеткен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерге жеке өзімнің, Мемлекет басшысының, Үкіметтің, тұрғындардың атынан Әулиекөл ауданы аумағындағы ірі өртті сөндіруге қолдан келгенше көмек көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл - сіздер үшін де мол тәжірибе. Сіздер Отанымызды сыртқы жаудан қорғауға дайын болуға тиіссіздер. Бүгінде өрт сынды дүлей апат та жау болып тұр. Сондықтан Қорғаныс министрлігінің көмегі өте маңызды. Бөлімшелеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл табиғи-техногендік сипаттағы бүкіл төтенше жағдайларды бірлесе еңсеру үшін жоғары деңгейде болуы тиіс», - деді министр.

Сонымен қатар ол Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерінен Қостанай облысы аумағында тағы 2 күнге қала тұруды өтінді.

«Содан кейін осындағы басшылықтарыңызбен бірге сіздерді тұрғылықты мекеніңізге қайтару жөнінде шешім қабылдаймыз. Әзірше сіздер осында бар кезде өрттің таралу қаупі жоқ», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар