ТЖМ басшысы Қостанай облысындағы орман өрті болып жатқан аумаққа аттанды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті орнына тікұшақпен аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылғы 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, «Басаман КШШ» КММ аумағында орман алқабы өртенген болатын. Өртті сөндіру жұмыстары желдің екпіні мен күннің қатты ыстық болуына («Қазгидромет» РМК деректері бойынша 10-12 м/с дейін, ауа температурасы +36 градус), шөптің қалың өсуіне және кірме жолдардың болмауына байланысты қиындап отыр.

Өрт орнында Новонеженка ауылынан Қазанбасы ауылына қарай 10 шақырым жерде жедел штаб құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары кірді. ТЖД бастығы полковник Б.Т. Кәрімов өрт орнына барды.

ТЖМ ДЖБО базасында да жедел штаб жұмыс істеуде.

Екпіні қатты желдің салдарынан өрт «Семиозерное УЛХ» КММ орман алқабының қылқан жапырақты екпелеріне жайылды.

Бүгін сағат 13:00-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 2000 гектардан асады.

Өрт орнына дереу ТЖД күштері мен құралдары аттанды.

Қызметтермен өзара әрекеттесу шеңберінде өрт орнына ТЖД көлігімен № 90260 әскери бөлімінің 20 қызметкері (ТЖД 1 бірлік автобусы), ІІМ Академиясының курсанттары 33 адам (1 автобус), ұйымдар мен кәсіпорындардың 15 су тасығышы (Қостанай қ., Рудный қ., Тобыл қ., Науырзым ауданы), Ақмола облысы ТЖД 50 қызметкері, 3 бірлік техникасы (1 вахтовка, 1 бірлік КШМ, 1 автобус), СҚО ТЖД 50 қызметкері және 6 бірлік техникасы (5 АЦ, 1 Вахтовка), Қарағанды облысы ТЖД № 52859 әскери бөлімі жеке құрамынан 100 қызметкер мен 11 бірлік техника барды.


Соңғы жаңалықтар