ТЖМ аумақтық бөлімшелері бес облыстағы жолдарда 77 адамды эвакуациялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі ауа райының қолайсыздығына байланысты ведомствоның Ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске слаа кетсек, «Қазгидромет» еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады (Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан,Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан облыстары).

ТЖМ Ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамында «Қазавтожол» ҰК АҚ, «Казақавтожол» ЖШС өкілдері және ІІМ ӘПК қызметкері бар. Ақмола, СҚО, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-сында осындай штабтар жұмыс жасайды.


«Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, шектеулі көріну, көктайғақ) еліміздің бес өңірінде - Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы республикалық жолдардың 8 учаскесі мен облыстық жолдардың 40 учаскесінде қозғалыс жабылды.

«Шұғыл жұмыстарға жалпы ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардан 611 адам және 321 техника жұмылдырылды. Халықты эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 284 жылыту пункті дайындалды, онда 227 адам, оның ішінде 14 бала орналастырылды: СҚО (132, оның ішінде 7 бала), Қостанай облысында (64 адам, оның ішінде 7 бала). ТЖМ аумақтық бөлімшелері Ақмола, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарындағы автожолдарда 77 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады, 20 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды», делінген хабарламада .

Ведомствоның мәліметінше, халықты ескерту мақсатында ауа райының жайсыздығы туралы 21 SMS хабарлама таратылған. «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 16 хабарлама жіберілді.

Уақтылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін Республикалық жедел штабта және өңірлерде (Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында) жедел байланыс желісі ашылды.


Соңғы жаңалықтар