ТЖМ алдағы екі жылда 8 тікұшақ сатып алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында ведомствоның алдағы жылдары қанша әуе техникасын сатып алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігі биыл және келесі жылы неше ұшақ пен техника сатып алады?» - деп сұрады журналистер министрден.

«Биыл біз ұшақ сатып алуды жоспарлап отырған жоқпыз. «Қазавиақұтқару» мекемесінің техникасын кезең-кезеңмен жаңарту 2030 жылға дейін көзделген. Биыл Қазақстандағы зауыттан шыққан шыққан «МИ-8» санатындағы 6 тікұшақ пен «еурокоптер» санатындағы 3 тікұшақ алдық. Келесі жылы тағы 3 тікұшақ, 2024 жылы 5 тікұшақ аламыз», - деді төтенше жағдайлар министрі.

Еске салсақ, Юрий Ильин Үкімет кулуарында отставкасы туралы пікір білдірді. Министр өз лауазымы жайлы шешімді ел басшылығы мен Үкімет қабылдайтынын айтты.

«Егер олар менің құзыретім жеткіліксіз деп тапса, менің отставкам туралы шешім қабылданады. Тиісінше, отставкаға кетемін», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар