ТЖК өзен-көлдердің бетіндегі мұздың жұқаруына байланысты сақтық шараларын ескертті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізудің маңызды процестерінің бірі — су қоймаларынан суды біркелкі ағызу. Ал су қоймаларында тасқын су үшін бос көлемдерді құру деңгейін дұрыс есептемеу өзендерге жақын орналасқан елді мекендерге айтарлықтай залал тигізуі мүмкін. Сондықтан жағдай тұрақты бақылауда, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметіне сай, қазіргі уақытта еліміздің су қоймаларында бос көлемдерді құру үшін су ағызу процесі жүріп жатыр. Өзенге су ағызуға байланысты мұз қату бәсеңдейді. Сонымен қатар, бұған ауаның орташа тәуліктік температурасының жоғарылауы ықпал етеді. Осы уақытта мұз үстімен жүру өте қауіпті. Ал мұзға автокөлікпен, қарда жүретін машинамен шығу мүлде қауіпті.

«Көктемгі су тасқыны кезінде екі негізгі қауіп басым, олар әуесқой балықшылар мен мектеп жасындағы балалар. Әуесқой балықшылар осы ережелерді сақтамай ғана қоймай, тәртіп бұзушылар болып табылады. Қауіп-қатерге қарамастан, балықшылар көктемгі мұзға шығуды жалғастыруда. Жыл сайын мұзда немқұрайдылықтан жазатайым оқиғалар орын алып, адамдар қаза болады. Еліміздің су айдындарында ағымдағы аң аулау мен балық аулау маусымы басталғаннан бері 44 адам, оның ішінде 31 балықшы және 12 бала көз жұмды» деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитеті.

Жалпы, адамдардың қаза болуына жол бермеу және су айдындарында (мұзда) төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін ТЖК алдын алу іс-шаралары кешенін жүргізеді. ТЖД қызметкерлері балық аулау орындарында, аң аулау дүкендерінде рейдтер жүргізеді, олардың барысында балықшыларға жадынамалар таратады, балық аулау кезінде мұздың жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша нұсқамалар жүргізеді. Еліміздің оқу орындарында мұз үстінде болған кезде қауіпсіздік шараларын оқушыларға жеткізу бойынша интерактивті сабақтар өткізіледі.

«ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға мұз үстіне шықпауға кеңес береді. Су айдындарын кешіп өтуге қатаң тыйым салынады. Әсіресе, өзендегі мұз ашылған кезде ойнауға мүлде болмайды. Бұл қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Ата-аналар балаларға және олар жүрген жерде бақылауды күшейтуі керек. Ересек адамдардың бақылауынсыз балалардың өзенге, әсіресе мұз жүру кезінде баруына жол бермеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар