ТЖК: Өткен жексенбіде ел аумағында 24 табиғи өрт тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында өткен жексенбіде 24 табиғи өрт тіркелді. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешегі күн азаматтық қорғау органдары үшін өте ауыр болды. Себебі, республика аумағында жексенбіде 24 табиғи өрт тіркелді. Оның ішінде бесеуі орман қорлары аумағында болған. Ең көп өрт жағдайлары Ақмола облысында (7), Қарағанды (13 өрт) мен Павлодар облысында (5 өрт) болды», - деді Владимир Беккер.

Комитет төрағасы Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы Қарғалы ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы «Ерейментау» ұлттық табиғи паркіндегі 110 га алаңда құрғақ шөптің өртенгенін атап өтті.

«Қатты желдің салдарынан өртті сөндіру қиынға соқты. Сағат 21.53-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері және 3 техника, республикалық мемлекеттік мекеменің 22 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды», - деді ол.

Владимир Беккер сонымен бірге Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Қаражар ауылынан 5 шақырым жерде ашық алаңда 162 гектар жерге құрғақ шөп, 18 гектар жерге бидай алқабы, сондай-ақ, Бурабай» РМУ аумағындағы 3 гектар орман қалдығы өртенгенін жеткізді.

«Сағат 18:20-да өрт оқшауланды. Зардап шеккендер шеккендер жоқ. Себеп анықталуда», - деді Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы.


Соңғы жаңалықтар