ТЖК оңтүстіктегі үш өңір бойынша ескерту жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті еліміздің үш облысында ауа райының күрделенуіне байланысты байланысты ескерту жариялады.

28 сәуірде Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр ылғалды қарға айналады), таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде қатты жаууы ықтимал. Кей жерлерде найзағай ұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа қарай ауысады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20, тіпті 25 м/с күшеюі мүмкін.

29-30 сәуір күндері ауа температурасы түнде 0-5 жылы, кей жерлерде 3 градус аяз болады. Күндіз 9-14, кей жерлерде 6 градусқа дейін жылы болады.

28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болып, 29 сәуірде ол ылғалды қарға айналады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде 28-30 сәуірде топырақтың бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін.

28 сәуір - 1 мамыр аралығында Алматы облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде ол нөсерлетеді, 30 сәуір- 1 мамыр аралығында тау және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбырдың арты ылғалды қарға айналады. Кей жерлерде найзағай ұрып, бұршақ жаууы мүкін. Ал батыстан соққан жел 18-23 м/с дейін күшейеді.

30 сәуір - 1 мамыр күндері ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, кей жерлерде 2 градус аяз болады. Күндіз 11-16 градус жылы болады.

Соңғы жаңалықтар