ТЖК: Қазақстанда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау бір тәулікте бес аймақта адамдардың көз жұмуына себеп болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте, 2016 жылдың 29 қаңтарында республика бойынша өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау салдарынан 11 адам қаза тапқан, соның ішінде екі бала болды, тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Адамдардың өлімімен аяқталған екі өрт оқиғасы Шығыс Қазақстан облысында орын алған.

Сондай-ақ иіс тиіп уланудан Алматы облысында екі адам көз жұмды, Қарағанды облысында бес адам ауруханаға жеткізілген, Шығыс Қазақстан облысында үш адам қаза тапты. Қызылорда облысында бұл себеппен екі адам ауруханаға жеткізіліп, бір адам көз жұмды, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам ауруханаға жеткізілді.

Қыс уақытында кейбір адамдардың пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, сол арқылы үйлері мен жақындарының өміріне қауіп төндіруі қауіптендіреді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өрт немесе иіс тию көбіне «адами фактордың», яғни адамдардың білмеушілігі, мұқиятсыздығы, ұқыпсыздығы салдарынан орын алып жатады», - деп атап өтіледі ТЖ комитетінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар