ТЖК басшысы Қарағанды облысының су басқан аймағын әуеден бақылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер Қарағанды облысында су тасқыны аймағының үстінен ұшып өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Үйлерді су басқан елді мекендер мен жол учаскелері басты назарда болды. Комитет төрағасы халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың қаншалықты деңгейде екенін тексерді.

 

Ұшырылым барысында Нұра ауданы Киевка кентінің аумағын да тексеріп өтті. Нұра және Шерубай-Нұра өзендері арнасы тексерілді. Ұшу бағыты Шерубай-Нұра, Ынтымақ су қоймасы арқылы өтті.

«Тексеру барысы барлық судан қорғау аймағын, елді мекендерде су деңгейін үздіксіз бақылау жалғасуда екенін көрсетті. Қазіргі уақытта облыс аумағында алдын алу шаралар кешені жалғасып, су тасқыны жағдайының күнделікті мониторингі жүргізілуде. Оның беталысына талдау жасалуда», - деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

 

Су деңгейінің төмендеуіне байланысты Чкалово ауылында су басқан 34 үйден, Бұқар Жырау ауданының Садовое ауылында 16 үйден су кетті. Қызылжар ауылынан көшірілген 267 адам үйлеріне қайтты.

Соңғы жаңалықтар