+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ТЖД-ның шомылу ережесіне құлақ аспаған жігіт суға кетті

2020 жылғы 13 шілде 05:18
Бөлісіңіз:
ТЖД-ның шомылу ережесіне құлақ аспаған жігіт суға кетті

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында 25 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада суға кеткен 11 жастағы ұл баланың денесі табылды Қызылордада 11 жастағы бала суға батып кетті СҚО-да бала-шағасымен көл басына демалуға барған екі ер адам суға кетті

Оқиға 11 шілде күні Қарабалық ауданының Тоғызақ өзенінде болған. Сағат 18.00 шамасында ТЖД кезекші бөлімі 1995 жылы туған жігіттің суға батып кеткені туралы хабар алған.

«Сағат 20.35-те ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері ер адамның денесін судан алып шықты. Бұл орында бірнеше сағат бұрын департамент қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп кеткен. Су жағасындағы адамдар арнайы нұсқаулықтан өтіп, қол қойған. Олардың арасында суға кетіп қалған жігіт те болған», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Құтқарушылар тұрғындарды суға түскенде барынша сақ болуды ескертеді. Қатты ыстық күнде демалыс орындарына, орман, саябақ аймақтары мен жабдықталмаған жағажайларға бармауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT