ТЖД наурызда елордада ауа райы қандай болатынын айтты
2020 жылғы 25 ақпан 14:40

ТЖД наурызда елордада ауа райы қандай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов көктемгі су тасқынына қарсы өткен «Көктем-2020» республикалық оқу-жаттығуы кезінде наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» ескерту жариялады. 25-26 ақпан күндері ауа райы +4 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауып, соңы қар аралас жауынға ұласады. Сондай-ақ, наурыз айы жылдағыға қарағанда +1 градусқа жылы болады»,- дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов.

Оқу-жаттығу Сарыарқа ауданындағы Ырыскелді қажы мешіті маңында, Ильинка-2 тұрғын алабында өтті.

«Бұдан бөлек қосымша оқу-жаттығу орындары бар. Олар Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандарында өтеді. Аталған жерлерде зардап шеккендерді эвакуациялау, қар шығару, еріген суды сору, жолда еріген қар суына тап болған автобустан жолаушыларды көшіру, балықшыларды іздеу сияқты су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізіледі», - дейді ол.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT